Непотизм

Nepotis латын тілінен аударғанда «немере, жиен» дегенді білдіреді. 


Билікте отырған адам ағайынына, дос-жаранына артықшылық беріп, оларға қызметін пайдаланып көмектессе, мысалы, жауаптан жалтаруға жәрдемдессе, мұны непотизм, яғни тамыр-таныстық дейміз. 




Орта ғасырда Рим папасы жақын туыстарын түрлі қызметке тұрғызып, атақ не жер беріп, өз билігін арттырған. Мұндай артықшылыққа бірінші боп папаның жиендері ие болған. Міне, терминнің шығу төркіні осындай. 


Непотизм әлі күнге дейін көп елде, әсіресе авторитар мемлекеттерде сақталған. Тамыр-таныстық арқылы лауазым алған адам ешқандай сынақ, сайысқа қатыспайды, басқаларымен жарыспайды әрі өз ісінің маманы бола бермейді. Мысал ретінде Түрікменстан президентінің ұлын айтсақ болады. Ол университет бітіре салысымен мемлекеттік ұйымда бас маман болып тағайындалды. 


Непотизм — сыбайлас жемқорлықтың бір түрі.


 


16/04/2021 15:18 5409 0

16/04/2021
15:18 5409 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление